Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

БҚО-да жалған шот-фактура жазып, мемлекетке 77 млн теңге залал келтіргендер сотталды

2021 жылдың 5 наурыз 2021 21:51

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жалған шот-фактура жазып, мемлекетке 76,9 млн теңге залал келтіргендер сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО бойынша экономикалық тергеу департаменті мәлім еткендей, Ю.Джусупов пен Н.Бакирова «Sauda Centre» және «TIM-KAZ» ЖШС атынан басқа кәсіпкерлік нысандарына іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар жөнелтілмесе де, шот-фактура жазумен айналысқан.

Осы іс-әрекеттері арқылы кәсіпкерлік нысандарын салық төлеуден заңсыз босатып, мемлекетке 76,9 млн теңге зиян келтірген.

Орал қалалық сотының үкіміне Ю.Джусупов пен Н.Бакирова ҚР ҚК 28-бабы 3-бөлігіне және 216-бабы 2-бөлігі 2-тармағына сәйкес айыпты деп танылып, сәйкесінше 2 жыл 6 айға және 2 жылға бас бостандықтары шектелді.

Мемлекетке келтірілген зиян толығымен өтелді.

Жоғары қарай