Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

БҚО-да тұман түсіп, жел күшейеді

2019 жылдың 24 наурыз 2019 13:27

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылатыны жөнінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша 25 наурыз күні кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал.

Орал қаласында да осындай ауа райы орын алып, желдің екпіні секундына 17 метрге дейін жетеді.

«Осыған байланысты ескерту жарияланып, төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті шаралар алынуда. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, күш-құралдар толықтай дайындыққа келтірілді», деді ҚазАқпарат тілшісіне ТЖ департаментінен.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын өңірде қардың еруіне байланысты су деңгейі көтерілетінін жазған болатынбыз.

Жоғары қарай