Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

БҚО-да коронавирус жұқтырған 276 адам стационарда жатыр

2021 жылдың 2 наурыз 2021 23:10

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында коронавирусқа шалдыққан 276 адам жұқпалы аурулар стационарында жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, сондай-ақ 24 адам карантиндік стационарда емделуде.

Өңірде 62 төсектік жансақтау бөлімшесінде 18 адам ем алуда.

Күні бүгін инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратына 6, оттегі концентраторына 7, орталықтандырылған оттегі көзіне 56 адам қосылған.

Басқарманың мәліметіне қарағанда, дәріханаларда бөлшек саудадағы дәрі-дәрмек 1 айға жетеді. Көтерме сауда қоймаларында, сондай-ақ медицина ұйымдарында 2 айға жететін дәрі-дәрмек қоры бар.

«СҚ-Фармация» ЖШС арқылы апта сайын дәрі-дәрмек жеткізілуде.

Облыста 13 зертханада 48467 зерттеуге арналған 969,24 тест жүйесі бар. Соңғы тәулікте 1386 зерттеу жүргізілді.

CALL-орталықтар тәулік бойы 3 ауысымда жұмыс жасауда. Соңғы аптада (23 ақпан - 1 наурыз) 4931 қоңырау шалынса, соның 100-і ковидке қатысты болды. Соңғы тәулікте 766 қоңыраудың 23-і коронавирус бойынша хабарласқан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда газ мекемесінің 7 қызметкерінен коронавирус анықталғанын, БҚО-да соңғы үш күнде 144 адамнан індет табылғанын жазған болатынбыз.



Жоғары қарай