Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

БҚО-да көлік апатынан бір адам көз жұмды

2020 жылдың 4 тамыз 2020 01:01

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында екі автокөлік соқтығысып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, 3 тамыз күні кешке қарай Желаев жолы бойында Бәйтерек ауданы Трекин ауылына жетпей, Hyundai мен «Лада Ларгус» автокөліктері бетпе-бет түйіскен.

Соның салдарынан 40 жастағы ер адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.

Алдын ала мәлімет бойынша жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған, қабырғалары мен жіліншігі сынған 1979 жылғы ер адам облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайы анықталып жатқандығын жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда ер адамның мас күйінде 6 жасар қызды алып кетпек болғанын жазған едік.




Жоғары қарай