Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

БҚО-да киіктер неден қырылуы мүмкін – министрлік болжамы

2021 жылдың 13 мамыр 2021 22:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Батыс Қазақстан облысында киіктердің жаппай қырылуының болжамды себебін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2021 жылдың 13 мамырында БҚО-ның Жәнібек ауданы Тау ауылы маныңда өлген 372 бас киік (басым бөлігі аналық туша) табылған.

Оқиға орнына қажетті іс-шараларды жүргізу үшін шұғыл түрде облыстық Экология департаментінің, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті инспекциясының, облыстық Ветеринария басқармасының, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тартылған.

«Киіктердің жаппай қырылу фактісі бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың жедел штабы құрылды.

Болжам бойынша киіктердің қырылуы сол мекендегі қолайсыз ауа райына (нөсерлі жауын мен найзағай) байланысты болуы мүмкін. Себебі, ұшаларда найзағай разрядынан зақымдану ізі байқалады. Құзырлы мемлекеттік органдардың зерттеу және қорытынды жұмыстары аяқталған соң, нақты нәтижесі қосымша хабарланады», - деп мәлім етті Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметінен.


Жоғары қарай