Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

БҚО-да карантин талабын бұзғандарға 32,2 млн астам теңге айыппұл салынды

2021 жылдың 12 қазан 2021 18:28

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 1 қазаннан бері «Ashyg» қосымшасымен жұмыс істейтін нысандарға үйлерінде оқшаулануы тиіс 50 адамның келгендігі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, соның ішінде 41-і – «қызыл», 9-ы – «сары» мәртебемен жүргендер.

Анықталған заңбұзушылықтар бойынша ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 425-бабы 1-бөлігіне сәйкес жеке тұлғаларға 6 хаттама толтырылып, 262 530 теңге айыппұл салынды.

Департамент мәліметіне қарағанда, жыл басынан бері мониторингтік топтар облыста барлығы 4303 рейд жүргізіп, 30 450 нысан қамтылды.

Мониторингтік топтар мен полициядан түскен материалдар бойынша биыл 532 хаттама толтырылып, 32 млн 276,605 мың теңге айыппұл салынды.

Қазан айында өңірде 586 адамның коронавирус жұқтырғаны тіркелді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да соңғы төрт күнде 230 адамнан коронавирус анықталғанын, сондай-ақ індет жұқтырған 100-ге жуық баланың емделіп жатырғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Батыс Қазақстанда егілуге тиісті тұрғындардың 63 пайызы вакцина қабылдады.


Жоғары қарай