Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

БҚО-да егін даласында ток соққан комбайншы мерт болды

2021 жылдың 22 шілде 2021 01:24

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында комбайн айдап келе жатқан механизаторды ток соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мой город порталына сілтеме жасап.

БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, қайғылы оқиға 21 шілде күні сағат 11.50 шамасында Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Достық ауылынан 4 шақырым қашықтықта болған.

«Астық жинайтын комбайнның тізгініндегі 26 жастағы оператор-механизатор егін даласында жұмыс істеп жатып, электр тарату желісін басып кеткен. Салдарынан оны ток соқты. Механизатор оқиға орнында көз жұмды» деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.

Оқиға орнына БҚО төтенше жағдайлар департаментінің 5 қызметкері барған.

Жоғары қарай