Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

БҚО-да демалыс күндері базарлар қызметі тоқтатылып, автобустар жүрмейді

2020 жылдың 16 шілде 2020 02:21

ОРАЛ. ҚазАқпарат – БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігері Мұхамғали Арыспаевтың 15 шілдедегі қаулысына сәйкес облыс аумағында қатаң карантиндік шектеу шаралары 2 тамызға дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 18 шілде күні сағат 00.00-ден 20 шілде күнгі сағат 00.00-ге дейін, 25 шілде күні сағат 00.00-ден 27 шілде күнгі сағат 00.00-ге дейін және 1 тамыз күнгі сағат 00.00-ден 3 тамыз күнгі сағат 00.00-ге дейін ашық үлгідегі азық-түлік және азық-түліктік емес базарлар қызметі тоқтатылады.

Сондай-ақ осы уақытта қоғамдық көліктер жүрмейді.

Еске сала кетейік, Оралда тағы бір провизорлық стационар ашылған болатын.


Жоғары қарай