Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

БҚО-да боранға байланысты республикалық жол жабылды

2022 жылдың 15 қаңтар 2022 21:38

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалының мәліметі бойынша 15 қаңтар күні жергілікті сағат 19.40-тан бастап республикалық маңызы бар Самара-Шымкент (390-526 км, Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін) жолында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.

Жабылу себебі – күшті жел, боран.

Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялап, тұрғындарға хабарлама жіберіліп жатқанын жеткізді.

Ауа райы ертең де тұрақсыз болмақ. Өңірдің солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын көтеріліп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал.

Орал қаласында 16 қаңтарда түнде жаяу бұрқасын соғады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты республикалық ммаңызы бар бірқатар жол жабылғанын жазған болатынбыз.




Жоғары қарай