Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

БҚО-да бір күнде коронавирустан 138 адам сауығып шықты

2021 жылдың 22 маусым 2021 20:20

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында соңғы тәулікте індет жұқтырған 13 науқас тіркеліп, 138 адам коронавирустан сауығып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасынан мәлім еткеніндей, соңғы аптада алдыңғымен салыстырғанда, індет жұқтыру көрсеткіші 8,4 пайызға (44 науқасқа) төмендеді.

Жыл басынан бері облыс бойынша 14880 адамнан коронавирус табылып, соның 9910-ында ауру белгілері байқалса, 4970-сінде симптом болмаған.

Науқастардың дені, яғни 55,6 пайызы (8275) Орал қаласы, 14,3 пайызы (2130) Бәйтерек, 11,1 пайызы (1662) Бөрлі ауданында тіркелді.

Қазіргі таңда облыста 442, соның ішінде Орал қаласында 364 науқас инфекциялық стационарларда емделіп жатса, соның 35-і жансақтау бөлімінде.

Пандемия басталғаннан бері өңірде коронавирус жұқтырған 24101 адамның 19356-сы емделіп шықты. 361 адам көз жұмды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да коронавирусқа шалдыққан 34 науқастың жансақтау бөлімінде жатқанын жазған болатынбыз.


Жоғары қарай