Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

БҚО-да аудандық білім бөлімінің басшысы ноутбукке бөлінген 6,5 млн теңгені қолды еткен - агенттік

2020 жылдың 18 қыркүйек 2020 16:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстанда аудандардың бірінің білім бөлімінің басшысы ноутбук сатып алу үшін бөлінген 6,5 млн теңге жымқырған. Лауазымды қызметкердің мұндай күдікке ілінгенін онлайн баспасөз мәслихатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Айнагүл Кәріпова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін лауазымды тұлғаларды жауапқа тартудың мысалдары бар. Қылмыстық іс жүргізудің басталуына «Сатып алудың бірыңғай терезесі» порталы арқылы мемлекеттік сатып алудың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингі нәтижелері негіз болды. Мәселен, БҚО-да ауданның білім беру бөлімінің басшысы ноутбуктерді арнайы тәртіпте жоғары бағамен сатып алған кезде 6,5 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді», - деді ол.

Айта кетсек, бұған дейін Айнагүл Кәріпова агенттіктің қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін керекті ноутбуктер мен планшеттерге, компьютерлерге 70 млрд теңгенің бөлінуіне талдау жүргізгенін хабарлаған болатын. Агенттіктің қатысуымен жұмыс топтары, қоғамдық комиссиялар сатып алынатын ұйымдастыру техникасының бағасын төмендетіп, 3 млрд теңге үнемдеген.


Жоғары қарай