Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

БҚО-да ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2019 жылдың 5 желтоқсан 2019 20:00

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жел күшейіп, жаяу бұрқасын жүреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РМК-ның облыстық филиалының мәліметі бойынша, 6 желтоқсан күні өңірдің кей жерлерінде жаяу бұрқасынмен қоса, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал.

Ал облыс орталығы Оралда тұман, көктайғақ және екпіні секундына 18 метрге жететін жел болжанады.

Осыған байланысты өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті ескерту жариялады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын елордада және өзге бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланған болатын.

Жоғары қарай