Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

БҚО-да 4 мектеп карантинге жабылды

2021 жылдың 20 сәуір 2021 21:50

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында төртінші тоқсанда 1 сәуірден бері 162 оқушыдан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, соның 62-сі дәстүрлі сипатта, 100-і қашықтан оқиды.

Оқу жылы басталғаннан бері 791 оқушының індет жұқтырғаны расталды.

Қазіргі таңда қала мен аудандардың бас мемлекеттік санитар дәрігерлерінің қаулысына сәйкес 4 мектеп толықтай карантинге жабылды. Сондай-ақ 29 мектепте 66 сыныпта, 6 балабақшада 8, 1 ЖОО-да 2 топта осындай шектеулер енгізілді.

Департамент мәліметіне қарағанда, жыл басынан бері 8286, соның ішінде сәуірде 2361 адамнан коронавирус табылды.

Соңғы аптада (13-19 сәуір) алдыңғымен (6-12 сәуір) салыстырғанда, індет жұқтыру көрсеткіші 18,6 пайызға (821-ден 1009-ға) өсті.

Сәуір айында ауырғандардың 55 пайызы (1300-і) Орал қаласында, 12,5 пайызы (297-сі) Бөрлі ауданында, 11,5 пайызы (273-і) Бәйтеректе тіркелген.

Бағалау матрицасына сәйкес Орал қаласы, Ақжайық, Теректі, Бөрлі, Бәйтерек, Қазталов және Шыңғырлау аудандары «қызыл», Тасқала «сары», Бөкей ордасы, Сырым, Жаңақала, Қаратөбе және Жәнібек «жасыл» аймақта тұр.

Осы айда бұрын ауырғандармен байланыста болған 4217 адам медициналық бақылауға алынды. 44251 ПТР зерттеу (күніне орта есеппен 2329) жүргізілді.

«1 сәуірден бері мониторингтік топтар 500 рейд жүргізіп, 3044 нысанды қамтыды. 19 нысанда карантин талабын бұзушылық анықталды. 5,3 млн астам теңгеге 82 хаттама толтырылды», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда бір аптада коронавирус жұқтырғандар саны 1 мыңнан асқанын жазған едік.




Жоғары қарай