Ауа райы
Астана -24 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

БҚО-да 21 тонна бензин әкеле жатқан жүк көлігі аударылып қалды

2020 жылдың 26 қараша 2020 22:22

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында «КамАЗ» жүк көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға Теректі ауданы Ақсуат ауылдық округі Пойма ауылы маңындағы теміржол өткелі тұсында болды.

«КамАЗ» автокөлігінің жол оқиғасына тап болғаны жөнінде хабар түсті.

«Подстепный-Федоров-РФ шекарасы» жолының 12-шақырымында 21 тонна жанар-жағар майын (АИ-92 бензині) әкеле жатқан жүк көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, жол жиегіне түсіп кеткен.




Жол апаты салдарынан жарты сағат ішінде люк тесігінен минутына 10-15 тамшы бензин ағып кеткен. Абырой болғанда, бензиннің ағуы дер кезінде тоқтатылды.

Зардап шеккендер жоқ.

Жанар-жағар май құйып алу үшін Орал мұнай базасынан екі бензин таситын көлік шықты. Топырақ сынамасын алуға БҚО экология департаментінің мамандары да оқиға орнына барды.

Айта кетейік, өңірде соңғы күндері күн райы бұзылып кетті. Облыстың кей жерлерінде қар жауып, тұман түссе, оңтүстік аудандарда қар аралас жаңбыр салдарынан жол езілді. Соның салдарынан жол жиегінен аударылып қалған көліктерді көруге болады.


Жоғары қарай