Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

БҚО-да 2,4 тонна балықты заңсыз тасымалдаған екі автокөлік ұсталды

2021 жылдың 16 сәуір 2021 17:29

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 2,4 тонна балықты заңсыз тасымалдаған екі автокөлік ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, аталған қылмыс «Бекіре» жедел алдын алу іс-шарасы аясында анықталды.

Орал-Атырау жолы бойында Ақжайық ауданы Ақсуат ауылы маңында 1976 жылғы жүргізуші айдап келе жатқан «Газель» автокөлігі тоқтатылды. Ол 1298 кг қара балықты заңды құжаттарсыз алып келе жатқан.

Сондай-ақ 14 сәуір күні сағат шамамен 20.00-де Теректі ауданы Подстепный ауылында салынып жатқан үйдің аумағында 1991 жылғы жүргізушінің автокөлігі ұсталды. Бұл автокөліктен тиісті құжаттары жоқ 1 168 кг қара балық шықты.

Тәркіленген балық пен уылдырық «Каспий Урал» ЖШС-на сақтауға тапсырылды.

Қазіргі кезде екі оқиға бойынша ҚР ҚК 196-бабы 1-бөлігіне (көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті иемдену немесе өткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, бұдан үш күн бұрын Батыс Қазақстанда 2,5 тонна балық тиеп келе жатқан автокөлік ұсталған.




Жоғары қарай