Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы тағайындалды

2021 жылдың 29 қазан 2021 19:56

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа басшысы болып Бауыржан Айнабеков тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа басшысыны ұжымға ҚР Қаржы министрлігі аппаратының басшысы Абзал Бейсенбекұлы таныстырды.

Бауыржан Қазбекұлы Айнабеков Қызыл ту еңбек орденінің ауылшаруашылық институтын, Үздіксіз білім беру Алматы университетін, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын тәмәмдаған.

Еңбек жолын 1994 жылы Алматы облысы бойынша Салық комитетінде салық инспекторы болып бастаған. 1995 жылдан бастап Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық бөлімшелерінде әртүрлі лауазымдарда, оның ішінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. 2019 жылдан 2021 жылдың қазан айына дейін Павлодар облысы бойынша МКД басшысының орынбасары қызметінде болды.

Абзал Бейсенбекұлы Бауыржан Айнабековке алға қойылған міндеттерге табысты қол жеткізуін тіледі.


Жоғары қарай