Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

БҚО Бәйтерек ауданының әкімі тағайындалды

2020 жылдың 22 наурыз 2020 17:56

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аудан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

ҚР Президент Әкімшілігінің және аудандық мәслихат келісімімен, меритократия қағидасына сәйкес, Бәйтерек ауданының әкімі лауазымына Тоқжанов Марат Лұқпанұлы тағайындалды.
Марат Тоқжанов 1965 жылы Батыс Қазақстан облысында туған. Білімі - жоғары, Қарағанды мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясы мен Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі», «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының магистрі.
Еңбек жолын 1990 жылы Сәтбаев қаласындағы мектеп-интернатының мұғалімі болып бастаған.
Әр жылдары:
− Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтының саяси тарих кафедрасының ассистенті, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің археология институтының аға ғылыми қызметкері.
− Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бас маманы, бөлім басшысы;
− ҚР энергетика, индустрия және сауда министрлігінің мемлекеттік материалдық қор бойынша комитетінің бөлімінің басшысы;
− ҚР Әділет министрлігінің ішкі әкімшілендіру департаментінің бақылау бөлімінің басшысы;
− Теміртау қаласындағы әділет басқармасының басшысы;
− Орал қаласы әкімінің орынбасары;
− БҚО Шыңғырлау ауданының әкімі;
− БҚО білім басқармасының басшысы, БҚО ішкі саясат басқармасының басшысы;
− БҚО әкімі аппаратының басшысы;
− БҚО әкімінің орынбасары;
− ҚР кәсіподақ ұйымдары федерациясы басшысының орынбасары болған.
Соңғы тағайындауына дейін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.


Жоғары қарай