Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

БҚО әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

2020 жылдың 4 маусым 2020 13:01

ОРАЛ. ҚазАқпарат – БҚО әкімінің өкімімен және ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Берік Батаев облыс әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Берік Әділгерейұлы 1967 жылы БҚО-ның Қаратөбе ауданында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары Қаратөбе аудандық мемлекеттік сақтандыру инспекциясының экономисі, Алматы қаласы, «ТұранӘлемБанк» ЖАҚ, «Үміт» зейнетақы жинақтау қоры» ЖАҚ-да түрлі лауазымда, БҚО кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаментінің директоры, Зеленов ауданының әкімі, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданының әкімі, ҚР Президенті Әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі болды.

2019 жылдан бастап ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО жер қатынастары басқармасына жаңа басшы келгенін жазған болатынбыз.



Жоғары қарай