Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бизнес міндеттемелерін цифрлық бақылау ісін аяқтау үшін ҰЭМ-ға екі ай уақыт берілді

2020 жылдың 21 шілде 2020 11:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет басшысы Асқар Мамин бизнестің қарсы міндеттемелерін цифрлық бақылау жұмысын аяқтау үшін Ұлттық экономика министрлігіне екі ай уақыт берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаржы министрлігіне «Атамекен» палатасымен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірге бір апта мерзімде отандық тауар өндірушілердің мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың сатып алуына қатысуына кедергі келтіретін барлық жүйелік тосқауылдарды жою жөніндегі іс-қимыл алгоритмін дайындауды тапсырамын. Сонымен бірге «Самұрық-Қазына» қорының сатып алуы отандық өндірістің дамуына серпін береді. Ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Көріп отырғанымыздай, қордың отандық өндіріс тауарларын қолдау жөніндегі нақты талаптарының және дұрыс есептілігінің арқасында жергілікті қамту үлесі жоғары деңгейге жетті – 69 пайыз. Сондай-ақ оффтейк келісімшарттар жаңа өндірістер құруға арналған неғұрлым пәрменді құралдардың бірі болып отыр. Қазіргі таңда 22 млрд теңгеге 35 оффтейк келісімшарт жасалған. Осы жұмысты кеңінен жалғастыру керек», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Үкімет басшысы Ұлттық экономика министрлігіне екі ай ішінде бизнестің қарсы міндеттемелерін цифрлық бақылау жұмысын аяқтауды, тиісті заңнамалық түзетулер пакетін дайындауды жүктеді.

«Атамекен» палатасының цифрлық платформасының базасында бизнестің қарсы міндеттемелерін мониторингілеу жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу туралы Премьер-Министр өкімінің жобасын енгізуді тапсырамын», - деді ол.


Жоғары қарай