Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Бизнес емес, халықтың амандығы маңызды - сарапшы карантин жайында

2020 жылдың 3 шілде 2020 14:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шағын және орта бизнес емес, халықтың амандығы маңызды. Мұндай пікірді саясаттанушы Самат Нұртаза білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл қатаң шектеу шараларын баяғыда қабылдау қажет еді. Біз сәл кешігіп қалдық. «Қазақтың қауіпсіздігі маңызды ма, әлде шағын және орта бизнес маңызды ма?» деген сұрақты таразылайықшы. Әрине, қазақ маңызды, халық маңызды, ұлт маңызды. Ертең халық қырылып қалса, шағын және орта бизнестің не керегі бар? 15 күн, 1 ай болса да, оған кез келген адам шыдайды деп ойлаймын. Асыра сілтеудің қажеті жоқ. «Бір жылға қоянның терісі де шыдайды» дегендей, бір ай ештеңе етпейді. Осы бір ай бойы тәртіпке бойсұнып, шектеу шараларын қатаң ұстанып жүрсек, онда вирустың өршуі басылады дегенге үміт бар. Сол себепті бұл шектеу шаралары аса қажет. Бірақ, менің жеке пікірімше, бұл шектеу шараларын тезірек қолға алу керек», - деді Самат Нұртаза.

Естеріңізге сала кетейік, кеше ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, биылғы 5 шілдеден бастап 14 күнге бірқатар шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылданған еді.


Жоғары қарай