Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бизнес ашу үшін ауыл тұрғындарына 50 мың шағын несие беріледі

2021 жылдың 4 наурыз 2021 20:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК несиелендіру мүмкіндіктерін кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирус пандемиясына қарамастан республиканың агроөнеркәсіп кешені 2020 жылы барлық макрокөрсеткіштер бойынша өсім динамикасын көрсетті. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 5,6%-ға артып, 6,3 трлн теңгені құрады. Бұл Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы ең жоғары өсім көрсеткіші», - дейді деді Ауыл шаруашылығы министрлігі стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің басшысы Сәуле Молдабаева.

Оның айтуынша, алдағы уақытта бұл өсімді одан әрі көтеру үшін министрліктің алдына АӨК-дегі еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыру, өңделген өнім экспортын 2 есе ұлғайту, ішкі нарықты 80%-дан астам деңгейде азық-түлік тауарларымен толықтыру және 1 млн ауыл тұрғынының табысын тұрақты түрде көтеру міндеттері қойылған.

«Осы міндеттерге сәйкес, министрлік агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау тиімділігін жақсарту жұмысын жүргізіп отыр. Ауыл кәсіпкерлеріне шағын несие беру жалғасады. 2020 жылы ауыл кәсіпкерлерін қаржыландыруға жалпы сомасы 43,2 млрд теңге болатын 11 мыңнан астам шағын несие берілді. Бұл қаржының 60%-ын ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер алды. Жалпы, шағын несиелендіру бағдарламасы бір жыл ішінде ауылдарда 11 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Алдағы 5 жылда жалпы сомасы 250 млрд теңге болатын тағы 50 мың шағын несие беру жоспарланып отыр», - дейді ол.


Жоғары қарай