Ауа райы
Астана -28 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Біздің міндет – АИТВ жұқтырған адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту - Нұрәлі Аманжолов

2020 жылдың 2 желтоқсан 2020 19:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Стигма индексін» зерттеу көрсеткендей, АИТВ (ағзаның иммун тапшылы вирусы) жұқтырған адамдар көп жағдайда медициналық мекемелерде стигмаға ұшырайды.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың Орталық Азия қауымдастығының президенті Нұрәлі Аманжолов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Маған «Жаһандық Ынтымақтастық. Ортақ жауапкершілік» ұраны ұнайды. Бәрібіз бірге күш жұмылдырсақ, пандемияны тоқтатамыз. АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың Орталық Азия қауымдастығы АИТВ инфекциясымен ауыратын адамдарды біріктіреді. Біздің міндет – АИТВ жұқтырған адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту. Біз ауырған адамдармен жұмыс істеп, профилактикалық бағдарлама жасаумен айналысамыз және оларға психологиялық қолдау көрсетіп, емделу үшін жігерлендіреміз», - дейді АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың Орталық Азия қауымдастығының президенті Нұрәлі Аманжолов.

Оның айтуынша, АИТВ-мен ауыратын адамдардың көбі медициналық мекемелерде стигмаға тап болады.

«2015-2016 жылдары біз «Стигма индексі» деп аталатын зерттеу жұмысын жүргіздік. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, бұл дертпен ауыратындардың көбі медициналық ұйымдарда стигмаға тап болады. Біз оны болдырмаудың жолдарын қарастырамыз. Біз оны емдейтін дәрі-дәрмек бағасын арзандатуға, емдеу хаттамасын жақсартуға тырысамыз», - дейді ол.


Жоғары қарай