Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

#BizBirgemiz: Түркістандық депутат коронавирус індетіне қарсы 100 млн теңге бөлді

2020 жылдың 21 наурыз 2020 20:39

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты өңір-өңірлердегі кәсіпкерлер Елбасымыздың үндеуіне үн қосып, короновирус індетіне қарсы күреске қаржылай қолдау білдіріп жатыр.

Сондай игі істің бірін оңтүстік өңіріне кеңінен танымал кәсіпкер, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Серікжан Сейітжанов жалғастырып, 100 млн теңге қаржы аударды.

Белгілі меценат бұған дейін де қайырымды істердің басы-қасында жүргенін жұрт жақсы біледі. Қазір де осы ісімен ол түркістандық бизнесмендерге үлгі көрсетіп отыр.

«Коронавирус тек біздің елді ғана алаңдатып отырған жоқ. 120-ға жуық мемлекетке тарап, үрей туғызды. Осы ретте Елбасының кешегі үндеуіне үн қосып, осы індетке қарсы күрес жұмыстарына 100 млн теңге бөлуді азаматтық парызым деп санадым. Бұл қиын кезеңдер де артта қалып, індет ауыздықталады деп сенемін. Осындай қиын-қыстау сәтте елдігімізді көрсетіп, ынтымақ, бірліктің арқасында індетті жеңіп шығуға шақырамын»,-деді Серікжан Сейітжанов.


Жоғары қарай