Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Біз – рухы асқақ, бірлігі бекем, еңсесі биік халықпыз - Қасым-Жомарт Тоқаев

2020 жылдың 31 наурыз 2020 22:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мұқтаж адамдарға нақты көмек көрсетіледі. Бұл туралы республикалық телеарналардың эфирінен еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты мәлімдемесінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирус індетіне байланысты баршамыз күрделі кезеңді өткеріп отырмыз. Бірақ, бұл – уақытша қиындық. Біз оны міндетті түрде жеңеміз! Бүкіл әлем күресуде. Біз де бар күш-жігерімізді саламыз. Біз, мемлекет және қоғам болып барша азаматтарымызға қолдау көрсетеміз, ешкімді көмексіз қалдырмаймыз. Мұқтаж адамдарға қол ұшын береміз. Бұған ешқандай күмән болмауы керек», - деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Президент ең бастысы, шыдамдылық, төзімділік және жауапкершілік танытуға шақырды.

«Біз – рухы асқақ, бірлігі бекем, еңсесі биік халықпыз. Сондықтан, бұл сынақтан да сүрінбей өтіп, қиындықты бірге еңсереміз деп сенемін. Басты тойларымыз әлі алда. Төрт құбыламыз түгел болсын, ағайын! Біз біргеміз!», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы 42 500 теңге көлеміндегі көмекті алатын азаматтардың санаты кеңейтілетінін айтты.

Сонымен қатар Президент елімізде коронавирусқа байланысты дүрбелең туғызуға жол берілмейтінін атап өтті.



Жоғары қарай