Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қанат Қожықаев Жолдау жайлы: Халықтық мәселелер қозғалды

2020 жылдың 21 қыркүйек 2020 02:25

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 1 қыркүйек күні ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын арнады. Әдеттегідей маңызды құжатта көптеген көкейде жүрген мәселелер қозғалып, оның шешілу жолдары да ұсынылды.

Мемлекет басшысы Жолдауын елімізде орын алған жағымсыз жайт - короновирус індеті кезінде аянбай еңбек еткен дәрігерлерге, басқа да жауапты мамандарға алғыс айтудан басталды. Дерттің ауыр кезеңі басылғандай көрінгенімен, әлі де толық беті қайтқанша екі жыл уақыт қажет екенін жеткізді.

«Әлемді дендеген пандемия әсері ел экономикасына кесірін тигізбей қойған жоқ. Жолдаудың маңызды бөлімі де осы әлсіреген экономикалық-әлеуметтік саланы жетілдіруге арналды. Үкіметке тұрақтылығымызды сақтап, алдағы күндері өрлеуге қадам басуымыз үшін нақты жоспарлар жасау тапсырылды», - дейді Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары Қанат Қожықаев.

Оның ішінде ауылшаруашылық секторын дамытудың маңыздылығы айтылды. Жер алу, ұзақ мерзімі несие алу, кәсіби мамандардың тапшылығы секілді мәселелердің шешімін тез арада қолға алу қажет. Технологияны дамыту, әсіресе суару технологиясын енгізу қаншама жұмысты жеңілдетенін ескертіп өтті. Ауылшаруашылық шикізатын өңдеуді дамыту керек екендігін атап өтті.

Маңызды құжатта көптеген салалардың дендеген мәселелері сөз болды. Кейбірінің нақты шешімдері айтылса, енді кейбірінің шешімін табу үшін нақты жоспарлар мен бағдарламалар жасауды жауапты мамандарға тапсырды.

«Жолдауда айтылған мәселелер ол халықтың басындағы мәселелер. Сондықтан оның шешімі үшін барлығымыз жұмылып, күш біріктіртіруіміз қажет. Біз міндетті түрде қиындықты еңсереміз!», - деп атап өтті Қанат Қожықаев


Жоғары қарай