Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

#Biz birgemiz!: Алматыда жалғыз басты қарт адамдар ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі

2020 жылдың 27 наурыз 2020 18:03

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша партиялық жобалардың аясында 18 наурыздан бастап «#Biz birgemiz!» акциясы басталды.

Қазіргі уақытта «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалы 1000-нан астам адамға көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Карантин кезеңінде егде жастағы жалғызбасты адамдарға азық-түлік сатып алу және тамақ дайындау қиындық тудырады. Осыған қарай, «#Biz birgemiz!» акциясы мен «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасының аясында «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалы, Алматы қаласының әкімдігі және Nomad MMA Қазақстан республикалық федерациясы бүгінен бастап 90 жастан асқан жалғыз басты қарт адамдардың үйіне тегін ыстық тамақ жеткізуді қолға алды.





«Еліміз үшін туған қиын сәттерде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұрғындарды қолдау бойынша шақыруына біз – NOMAD MMA Федерациясы, Қазақстандық ММА аралас жауынгерлік жекпе-жегі бойынша біріккен федерациясы және Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығымен бірлесе отырып «#Biz birgemiz!» акциясын қолдау мақсатында карантин біткенше 90 жастан асқан барлық жалғыз басты қарт адамдарды күн сайын ыстық тамақпен қамтамасыз ету ісіне өз үлесімізді қосайық деп шештік. Қазір бұл адамдарға көмек қажет, олар тамақ дайындауға шамасы жоқ. Біз көмек қажет болған кезде шет қалмаймыз және барлық күш - жігерімізді жұмсаймыз», - деді Nomad ММА Республикалық Федерациясының президенті Гаджи Гаджиев.





Сонымен қатар, ол спортшыларды жас ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеп, салт-дәстүрімізді сақтап, аға буынға құрмет пен қамқорлық жасауды үйрету керектігін айтты.

«Біздің «Jas Otan» жастар қанатының еріктілері күн сайын көмекті аса қажет ететін аз қамтылған азаматтарға көмек көрсетіп жүр. Арнайы шотқа қаражат бөлген біздің кәсіпкерлер де шет қалмай, өздерінің қомақты үлестерін қосуда. Біз осы қиын-қыстау уақытта барлық азаматтарды бірігіп, бір-бірімізге көмектесуге шақырамыз. Біз біргеміз!», - деді Мәди Ахметов, «Jas Otan» ЖҚ Алматылық филиалының төрағасы.

Аталған акция аясында күн сайын карантиннің соңына дейін 400-ден астам қарт адамды ыстық тамақпен қамтамасыз ету жоспарланған.








Жоғары қарай