Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Біз адам құқығын қорғайтын халықаралық ұйымдармен жұмыс істеуге дайынбыз - Көшербаев

2019 жылдың 10 желтоқсан 2019 18:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2016-2018 жылдар аралығында Қоғамдық кеңес 13 мыңнан астам жобаны қараған. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Халықаралық адам құқығы күніне арналған дөңгелек үстел өтті.

«Қазақстан 28 жылдық тәуелсіздігінде халықаралық қатынастарда елеулі жетістіктерге жетті. Еліміз БҰҰ-ның, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының, Ислам ынтымақтастығы және басқа да халықаралық ұйымдардың белді мүшесі», - деді ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев.




Ол Қазақстанда адам құқықтарын қорғау мәселесінің оның халықаралық міндеттемелері тұрғысынан өзекті екенін айтты.

«Құқық қорғау механизмдерін жетілдіру саласында мемлекеттің азаматтық қоғам институттарымен өзара сындарды диалогын дамытудың маңызы зор. 2016-2018 жж аралығында Қоғамдық кеңес 13 мыңнан астам жобаны қарап, мыңға жуық қоғамдық тыңдау ұйымдастырған. Біз адам құқығын қорғауға қатысты барлық халықаралық ұйымдармен біріге жұмыс істеуге дайынбыз», - дейді ол.




Жоғары қарай