Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биылғы жылыту маусымында бірқатар жылу қазандықтары газбен істейді - Алтай Көлгінов

2020 жылдың 27 қыркүйек 2020 21:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанның әкімі Алтай Көлгінов қаладағы жылу қазандықтары қашан газға көшірілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жылу қазандықтарын газға көшіру - күрделі, бірақ қажет жұмыс. Қазандықтар бүкіл қаланы жылытатын болғандықтан, оларды біртіндеп газға көшіру экологиялық ахуалды айтарлықтай жақсартады. Бүгін ЖЭО-2 қазандығын газға көшіру жұмыстарының барысымен таныстым. Газ жеткізу құбырын тарту, газ қорғаныс жүйесінің, қазандықтарға оттықтарды бекіту жұмыстары аяқталыпты. Осы жылу маусымында ЖЭО-1, ЖЭО-2 орталықтарының кейбір қазандықтары газбен жұмыс істейді. Олардың артықшылығы - газбен де, мазутпен де, көмірмен де жұмыс істей береді» деп жазды әкім Instagram парақшасында.

Бұдан басқа, тұрғын үй алаптарындағы ішкі газ желілерін жүргізу жұмыстары жалғасуда.

«Елорданы газдандыру — Елбасымыздың тарихи жобасы. Мемлекет басшысы да газ жүргізу мәселесін жіті қадағалап отыр» дейді Алтай Көлгінов.














Автор Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Әкім, Газ, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай