Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биылғы үш айда Қазақстаннан 5,5 мың адам көшіп кеткен

2021 жылдың 17 мамыр 2021 08:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы үш айда тұрақты тұру үшін Қазақстанға 2 мың адам келсе, көшіп-кеткендер саны 5,5 мың адамды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы көші-қон қызметі органдарына сілтеме жасап мәлім етуінше, 2021 жылғы қаңтар-наурызда 2 066 адам елімізде тұрғылықты тұру үшін тіркелді. Қазақстаннан кеткендер саны - 5 519 адам. Көші-қонның айырымы -3 453 адамды құрады.

«Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі 83,1% және 82,0% құрады», - деді ведомстводан.

Сондай-ақ ақпаратқа сәйкес, ел ішінде қоныс аударатындар саны 9,5% азайған. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 4 өңірінде байқалды: Алматы (7 955 адам), Шымкент (5 681 адам), Нұр-Сұлтан (6 260 адам) қалаларында және Маңғыстау облысында (319 адам).




Жоғары қарай