Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биыл жөндеуден өткен 2,6 мың шақырым жол пайдалануға беріледі

2020 жылдың 5 тамыз 2020 18:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл республикалық және жергілікті маңызы бар жолдардың 9,8 мың шақырымында жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында алдағы 6 жылда 10 мың шақырым жол салу және қайта жаңарту, республикалық маңызы бар 11 мың шақырым автомобиль жолын күрделі және орташа жөндеу жоспарланған. Республикалық маңызы бар автожолдардың жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы үлесі 100 пайызға дейін жеткізіледі. I және II техникалық санаттағы жолдардың ұзындығы 60 пайызға дейін, ақылы жолдардың үлесі 45 пайызға дейін ұлғаяды. Жол бойында қызмет көрсететін нысандармен қамту 100 пайызға жеткізіледі«, - деді комитет төрағасы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, биыл жөндеу жұмыстарымен республикалық және жергілікті маңызы бар жолдардың 9,8 мың шақырымын қамту жоспарланып отыр. Жалпы жол салу жұмыстарына шамамен 200 мыңға жуық адам тартылатын болады. Олардың ішінде 100 мыңы қосымша салаларда жұмыс істейді.

«Республикалық желі бойынша 4 мың шақырым автожол салынды және қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді. Күрделі және орташа жөндеу жұмыстарымен 1,8 мың шақырым жол қамтылып, оның 1,118 мың шақырымындағы жұмыстар биыл аяқталады. Жыл қорытындысы бойынша жалпы ұзындығы 2,6 мың шақырымды құрайтын автожол учаскелерінде қозғалысты ашу жоспарланған», - деді Сайранбек Бармақов.


Жоғары қарай