Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биыл Жол картасы аясында қанша жұмыс орны құрылады

2021 жылдың 23 ақпан 2021 11:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасы (ЖҚЖК) аясында биыл 331 жоба іске асырылатын болады. 2021 жылы барлығы 27,3 мың жұмыс орнын құру жоспарланып отыр, оның 10,2 мыңы тұрақты жұмыс орны болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұдан басқа, 2020 жылы іске қосылған 259 жобаны іске асыру жалғасуда, оның аясында 81 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылды», - делінген Еңбек министрлігі мәліметінде.

Іске асыру тәжірибесін ескере отырып, ЖҚЖК-ға талдау жүргізілді және мыналарды көздейтін жаңа тәсілдер әзірленді:

– жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру үшін азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын кеңейту;

– отандық тауарлар өндірісін, қызметтерді дамыту және жұмыс орындарын құру үшін «Бастау Бизнес» жобасы түлектерінің бизнес-жоспарларын қаржыландырудың (микрокредиттеудің) қолжетімділігін арттыру;

– ЖҚЖК-ға құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін тұрақты жұмыс орындарын құруды қамтамасыз ететін әлеуметтік-мәдени, инженерлік-көліктік, өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін салу әрі реконструкциялау жөніндегі жобаларды ғана қоса отырып, инфрақұрылымдық жобаларды іріктеу критерийлерін қайта қарау.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы ЖҚЖК аясында 239 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, оның 6,6 мыңы – тұрақты. Бұл ретте жұмысқа орналастырылған азаматтардың 50,3 пайызы халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыс тапты, 6,5 мың инфрақұрылымдық жоба іске асырылды. ЖҚЖК инфрақұрылымдық жобаларын іске асырудың ерекше шарты - отандық өндірушілердің тауарлары мен қызметтерінің кемінде 90 пайызын қолдануды қамтамасыз ету. Қызметкерлердің кемінде жартысын халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жалдайды, жұмыссыз жастарға басымдық беріледі. Мердігерлер санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қолдана отырып, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге тиіс.


Жоғары қарай