Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биыл жол апатынан зардап шеккен балалардың саны 2,3 мыңға дейін өсті

2021 жылдың 10 қыркүйек 2021 17:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Статистикалық деректерге сәйкес биылғы жылдың 8 айында елімізде 8 307 жол апаты тіркеліп, онда 12 205 адам зардап шекті. Бұл жайында Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол көлік оқиғаларының (ЖКО) өсуі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 10,2%-ды құрады, зардап шеккендердің саны 11,2%-ға өсті.

Түрлі ЖКО салдарынан 10 947 адам дене жарақатын алды (10,5%-ға өсті) және 1 258 адам қайтыс болды (17,7%-ға өсті).

Жолда кәмелетке толмаған зардап шеккендердің өсуі ерекше назар аударуға тұрарлық, олардың саны 1808-ден 2298-ге дейін артты және зардап шеккендердің жалпы санының 18,8%-ын құрайды.

Жасалған орны бойынша жол апаттарының негізгі бөлігі 72,6% немесе 6030 елді мекендерде, 1512 халықаралық, республикалық маңызы бар трассаларда, 765 облыстық, аудандық маңызы бар жолдарда тіркелді.

Еліміздің жолдары мен көшелеріндегі апаттар туралы толық ақпарат «qamqor.gov.kz» сайтының «Ақпараттық сервис» бөлімінде жарияланған.

Көбіне ЖКО көлік құралдарының соқтығысуынан – 3420 факт, сондай-ақ жаяу жүргіншілерді қағып кетуінен – 2897 болды.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес ЖКО-ның 87% жүргізушілердің кінәсінен (7256 факт), оның ішінде 322 алкоголь немесе есірткіге мас болған.

Жол-көлік оқиғалары туралы талдамалық ақпарат «ҚазАвтоЖол «Ұлттық компаниясы» АҚ-ға жолданды.

Ең көп өлім жағдайы бүйірлік және ілеспе бағыттағы автокөлік құралдарының соқтығысу нәтижесінде жасалды (қайтыс болғандардың жалпы санының 40,5%).

Екінші орында – жаяу жүргіншіні қағып кетумен байланысты жол көлік оқиғалары (қаза болғандардың жалпы санының 26,9%) болып табылады.

Белгіленген жылдамдықтың артуынан 1990 ЖКО орын алған, онда 405 адам қаза тапты.

Бұрынғыдай жолдардағы апаттардың ең көп саны Алматы қаласына тиесілі – 2161 жағдай.

Ал ең жоғары өлім көрсеткіші Алматы облысында анықталды - 268 адам қайтыс болған.

Елордада - 349, Шымкент қаласында - 203 ЖКО-да адамдар зардап шеккен.

Ең аз ЖКО Солтүстік Қазақстан – 107 және Маңғыстау – 138 облыстарында болған.

Комитет ішкі істер органдары мен облыс әкімдіктеріне көрсетілген фактілерге қатысты және олар бойынша шара қабылдау қажеттігін еске салды.


Жоғары қарай