Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биыл ЖИТС-пен күрес шараларының көбі онлайн форматта өтті- мамандар

2020 жылдың 2 желтоқсан 2020 17:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 1 желтоқсан – ЖИТС-ке қарсы күрес күні. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының директоры Бауыржан Байсеркин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл сайын 1 желтоқсан күні ЖИТС-пен күрес күні аталып өтеді. Әр жылы бұл күн әртүрлі сипатта өтеді. Биыл бұл күнге орай Қазақстанда «Жаһандық Ынтымақтастық. Ортақ жауапкершілік» атты дүниежүзілік науқан өтіп жатыр. Пандемия бұқаралық шаралар өткізуге шектеу қойды. Әдетте бұл күні АИТВ инфекциясына тест өткізу, санитарлық ағартушылық бағыттағы шаралар өтетін. Биыл бұл шаралардың басым бөлігі онлайн форматта өтті. Бұл бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыруға үкіметтік емес ұйымдар көп көмек көрсетті», - дейді ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының директоры Бауыржан Байсеркин.

Оның айтуынша, ЖИТС-ке қарсу күрес шараларына медициналық ұйымдар да атсалысқан.

«Жаһандық ЖИТС-пен күрес қоры да медицина жұмыскерлерін коронавирус инфекциясынан қорғайтын жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуге өз үлесін қосты. Орталық Азиядағы ЮНЭЙДС кеңсесі де көмек көрсетіп, барлық аймақта пациенттерге және медициналық қызметшілерге арнап онлайн кеңес ұйымдастырды. Бұл күні осы бағыттағы мәселелерге қатысты ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Соңғы жылдары Қазақстан ДДСҰ ұсынған барлық профилактикалық шараларды жүзеге асыруда көптеген жетістікке жетті. Аталған мәселелер шешілгенде ғана Қазақстан аумағында ЖИТС-пен ауырған жаңа жағдайларды тіркеу тоқтайды», - дейді ол.


Жоғары қарай