Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биыл жемқорлық туралы хабарлаған адамдарға 23 млн теңге төленді - агенттік

2020 жылдың 30 қазан 2020 12:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлаған 145 адам марапатталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Егер кінәлі тұлғаға қатысты әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы немесе айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы төленетінін еске саламыз. Биылғы жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлаған 145 адам жалпы сомасы 23 млн 664 мың теңгеге марапатталды», - деді Д. Биғайдаров.

Оның айтуынша, агенттік осы бағытта құқықтық мәдениетті және азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыруға бағытталған жүйелі алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Алдын алу іс-шараларымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ісінде жазаның бұлтартпастығы да маңызды қағидат.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биылғы 9 айда лауазымды тұлғаларға пара беру фактілері бойынша 381 сотқа дейінгі тергеу тіркелді.



Жоғары қарай