Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Биыл жарты жылда Қазақстанда 19 электромобиль тіркелді

2020 жылдың 2 шілде 2020 13:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылғы жарты жылда Қазақстанда 520 мың автокөлік тіркеуге қойылды. Бұл туралы «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Есепті кезеңде әкімшілік полиция органдары 520 538 автокөлікті тіркеуге қойды. Аталған көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінен 26 пайызға кем. Оның ішінде 470 353-і екінші рет тіркелгендер үлесінде, яғни бір адамнан екінші адамның атына ауыстырылған көліктер санатына жатқызылды. Бір жыл бұрынғы деңгеймен салыстырғанда 28,4 пайызға төмендеді. Ал алғаш рет тіркелген көлік құралдарының саны 50 185-ті құрады. Бұл көрсеткіш былтырға қарағанда 8,3 пайызға жоғары», - деп атап көрсетілген таратылған мәліметте.

Биылғы алты айда Қазақстан аумағында 19 электромобиль тіркелген екен.

«ҚазАвтоӨнеркәсіптің» хабарлауынша, есепті кезеңде қайта тіркелген көліктердің үштен екісінен астамын (68 пайызы) пайдалану мерзімі 10 жылдан асқан көліктер қамтыған.

Атап айтқанда, 20 жылдан асқандардың үлесі 197 561 көлік (42 пайыз) болса, 11-ден 20 жылға дейінгілер 26 пайызды (122 094 көлік) құрады.

Ал 4-тен 7 жылға дейінгілер – 80 830 көлікке (17,2 пайыз), 8-ден 10 жылға дейінгілер – 46 364 көлікке (9,9 пайыз), 1-ден 3 жылға дейінгі көлік саны 21 885-ке жетті. Сонымен қатар, пайдалану мерзімі 1 жылға жетпеген көліктердің үлесі 0,3 пайыз (1 619 автомобиль) болды.


Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Көлік, Қоғам, Экономика,
Жоғары қарай