Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

Биыл тамыз айында жазғы мектеп іске қосылады - БҒМ

2020 жылдың 3 маусым 2020 12:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл тамыз айында білім және ғылым министрлігі жазғы мектепті іске қоспақ. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған онлайн брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз электрондық форматты құжат өткізу жүйесін ата-аналар үшін барынша ыңғайлы етіп жасадық. Білім және ғылым министрлігі мұндай қызмет түрін бірінші рет іске қосқандықтан, аяғына дейін жеткізуі керек біраз жұмыс бар», - деді ҚР БҒМ Білім беру цифрлық трансформациялау департаментінің директоры Қанат Кенбай.

Сондай-ақ, ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова 1-сынып оқушыларынан жазу, оқу, санауды біліп бару талап етілмейтінін айтты.

«1-сынып оқушыларынан жазу, оқу, санауды біліп бару талап етілмейді. Екіншіден, төтенше жағдай режимінің аяқталуына байланысты балабақшалар өткен жылғы оқу бағдарламасын қайталап оқытады. Одан бөлек, биыл тамыз айында білім және ғылым министрлігі жазғы мектепті іске қоспақ. Бұл айда төртінші тоқсанда оқылмай қалған тақырыптарды оқып, тапсырмаларды орындайды», - дейді ол.


Жоғары қарай