Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биыл салық 31%-ға көп түскен

2021 жылдың 15 қазан 2021 10:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында мемлекеттік бюджетке салықтық түсім бойынша жоспар 103,8%-ға орындалды. Және өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 30,8%-ға немесе 1 775,7 млрд теңгеге өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кірістер комитетіне сілтеме жасап.

2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда республикалық бюджетке ең көп түсімдердің өсуі мұнайға салынатын экспорттық кеден баждарынан 352,5 млрд теңгеге немесе 1,9 есе, корпоративті табыс салығы 390,8 млрд теңгеге немесе 44,9%-ға, ЕАЭО елдерінен импортқа қосылған құн салығы 171,5 млрд. теңгеге немесе 36,6%-ға, үшінші елдерден импортқа қосылған құн салығы 105,2 млрд. теңгеге немесе 22,7%-ға және пайдалы қазбалардың өндірісіне салынатын салығы 103,7 млрд теңгеге немесе 46,8%-ға өскені байқалады.

Түсімдердің өсуіне мынадай факторлар әсер етті.

«Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ағымды жылдың 9 айында негізгі экспорттық позицияларға бағаның өсуі байқалады, оның ішінде мұнайға 64,5%-ға, мысқа 57,3%-ға, алюминийге 44,2%-ға, мырышқа 34,0%-ға, күміске 33,8%-ға, қорғасынға 19,7%-ға және алтынға 3,8%-ға. $ бағамы 1 теңгеге 3,9%-ға өсті. Мұнайға салынатын әкету кедендік баждары 24,3%-ға өсті

Үшінші елдермен тауар айналымы 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 8,2%-ға өсті.

2021 жылдың 9 айында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда тауар айналымы 28,7%-ға өсті.

Қосылған құн салығы түсімінің 40% құрайтын ірі салық төлеушілердің тауар айналымы 18,4%-ға өсті.

Көрсетілген кезеңге бір салық төлеушіге онлайн бақылау-касса машинасынан орташа түсімі 11,8%-ға өсті.




Басты сөздер: Салық, ҚР Қаржы министрлігі,
Жоғары қарай