Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биыл ПТР анықтамасыз келген 54 шетелдік шекарадан өз еліне қайтарылды

2021 жылдың 26 қараша 2021 05:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаңтардан қазан айының соңына дейін көліктегі санитариялық бақылаушылар елімізге келген 1 406 904 жолаушыны тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

«Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасындағы санитария-карантин бақылауы барысында 2021 жылдың 10 айында 32 054 көлік, соның ішінде – 9 637 теміржол, 10 544 − әуе және 11 873 − теңіз көлігі санитариялық тексерумен қамтылды. Онда 1 406 904 жолаушы тексеілді. Шекарадан өткен адамдарды тексеру барысында 10 айда дене қызуы жоғары және жұқпалы ауруы бар деп күдіктелген 21 науқас анықталды, олардың 11-і ауруханаға жатқызылды», делінген хабарламада.

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2020 жылғы № 59 қаулысына сәйкес 2021 жылы қаңтардан бастап қазан айының соңына дейін 1 320 013 авиажолаушы келген, соның ішінде 1 291 501 жолаушыда ПТР анықтамасы бар, ал ПТР анықтамасыз келген 28 512 жолаушы санитария- карантин бақылауына алынды, 10 айда 54 адам (Түркия, Өзбекстан, Ресей, Мажарстан азаматтары) кері өз еліне қайтарылды.


Жоғары қарай