Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биыл Петропавлда 40-қа жуық көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі

2021 жылдың 20 мамыр 2021 20:11

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда биыл 210 мың шаршы метр баспана салынып, пайдалануға беріледі. Соның жартысынан астамы – бюджеттік үй, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавл қалалық әкімдігінің мәліметінше, жыл соңына дейін жалпы аумағы 33,6 мың шаршы метр болатын 10 коммерциялық үйдің құрылысы аяқталады. Сондай-ақ 113,8 мың шаршы метрді алатын және 1533 пәтері бар 22 бюджеттік баспана пайдалануға беріледі. Оның қатарына тағы 32,6 мың шаршы метрлік 4 баспана қосылмақ.

Жеке тұрғын үй құрылысы бойынша биыл 30 мың шаршы метрді салу жоспарда бар. Бұл мақсатқа бір жылға 27,9 млрд теңге жұмсалмақ.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру биыл үш бағыт бойынша жүргізіледі.

Сатып алу мүмкіндігінсіз берілетін әлеуметтік жалға берілетін баспана. Петропавлда биыл осындай 556 пәтер халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына пайдалануға беріледі. 128 пәтерлік екі үй Сенная көшесінде және 100 пәтерлік үш үй Береке ықшам ауданында салынып жатыр.

Әлеуметтік несиелік баспаналар Жамбыл көшесінде салынып жатыр. 108 пәтерлік екі үйде бір шаршы метрдің құны - 160 мың теңге. Олардың біреуінен 1 мамырға дейін 95 пәтер сатылды. 29 наурыздан бастап «Отбасы банк» АҚ екінші үйден пәтерлерді үлестіре бастады. Салынып жатқан 108 пәтерлік үшінші үй де «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша сатылады. Осылайша қалалық әкімдікте пәтерге кезекте тұрған 324 адам баспаналы болмақ.

Үшінші бағыты – жеке тұрғын үй құрылысы. Қазіргі уақытта Солнечный-2 шағын ауданында салынып жатыр. 1 мамырға дейін сатып алушылар І үлгідегі 72 үйдің барлығын брондады. Биыл ІІ үлгідегі 13 үйдің де құрылысы аяқталмақшы. Олар салынып болғаннан кейін ғана сатылымға шығарылады.


Жоғары қарай