Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Биыл Павлодар облысында 37 пара алу фактісі тіркелген

2019 жылдың 29 қазан 2019 22:35

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Ертіс өңірінде қылмыстық құқықбұзушылық өткен жылғыдан 24,8 пайызға төмендеген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Павлодар облысы бойынша басқармасы басшысының орынбасары Марат Ахметов мәлім етті.

«Облысымызда 2019 жылдың 9 айында сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестрінде 6453 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді. Бұл көрсеткіш өткен жылғыдан 24,8 пайызға төмен. Қылмыстық құқықбұзушылықтар жүйесінде 5709-ы қылмыс болса, 744-і қылмыстық әрекеттер. Тіркелген қылмыстық құқықбұзушылықтардың 4042-сі орташа және 877-сі аса ірі ауыртпалығы бар қылмыс болып табылады»,- деді Марат Ахметов.

Спикердің айтуынша, өңірде ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу деңгейі 84,9 пайызды құрады. Биыл ұрлықтар саны 30,7 пайызға, адам өлтірулер 25 пайызға азайған, Сондай-ақ саны артқан қылмыстар да бар. Мәселен, пара алулар 29-дан 37-ге, яғни 2706 пайызға артты. Алаяқтық деректері 774-тен 898-ге өсті. Кәмелеттік жасқа толмағандар жасаған қылмыстар 43,1 пайызға төмендеген. Сондай-ақ криминалдық полицияның ақпаратына сүйенсек, жыл басынан бері облысымызда 1782 ұялы телефон иелеріне қайтарылған. Оның 1371-і бұрын жоғалған болса, 411-і - ұрланған телефондар.
Жоғары қарай