Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биыл оңтүстік облыстардан 35 отбасы Семейге көшіп келді

2021 жылдың 31 қазан 2021 09:21

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен 35 отбасы Семей қаласына қоныс аударды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазанның соңғы жексенбісінде Қазақстанда әлеуметтік қызметкерлер күні атап өтіледі.

Осыған орай Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов әлеуметтік қызметкерлер күніне арналған салтанатты жиынға қатысты.

Жыл басынан бері Семей қаласында еңбек делдалдығына 4823 адам жүгінген. Оның ішінде 2182 адам тұрақты жұмыс орындарына, 208 адам уақытша әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды.

Оқу орындарының 356 түлегі жастар практикасына жіберіліп, 900 жұмыссыз адам қоғамдық жұмыстарға қатысты.

78 адамға қолданыстағы бизнесті кеңейтуге шағын несиелер берілді.

Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 363 адам жіберілді.

183 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды.

Бизнес-идеяларды іске асыруға 200 АЕК-тен (583400 теңге) мемлекеттік гранттарды 163 адам алды.

35 отбасы (68 адам) Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстары сияқты жұмыс күші артық өңірлерден және Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан қоныс аударды.

Соның ішінде бір қандас Ресей мемлекетінен көшіп келді. Тіркелген еңбек нарығындағы жұмыссыздар саны - 1859 адам.

Сонымен қатар, 2708 отбасына (11130 адам) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 863 отбасына тұрғын үй көмегі көрсетілді.

1 жастан 6 жасқа дейінгі 3170 балаға азық-түлік жиынтығы және тұрмыстық химия тауарлары түріндегі кепілдендірілген әлеуметтік пакет берілді.

Мерекелік және атаулы күндерге жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың 19521 жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсетілді.

Есепті кезеңде 1570 адам - мүмкіндігі шектеулі адамдар техникалық көмекші құралдармен, 443 мүгедек протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз етілді.

Ымдау тілі мамандарының қызметтерін есту бойынша 169 мүгедек, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы 450 мүгедек пайдаланып, жеке көмекшілердің қызметтерін алды.

Жыл басынан бері шипажайларда 270 адам денсаулығын жақсартты.

Үйде тәрбиеленетін және оқитын 251 мүгедек балаларға материалдық көмек көрсетілді.


Жоғары қарай