Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Биыл Нұр-Сұлтанда 11 медициналық амбулатория ашылады

2019 жылдың 17 қазан 2019 17:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тұрғын үйде ашылатын дәрігерлік бекетте медициналық қызметтің бірнеше түрі көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің алдымызда медициналық–санитарлық алғашқы көмекпен халықты қамту мақсатында, жалпы практика дәрігері бар нысандарды көптеп ашу міндеті тұр. Осы орайда 2019 жылдың соңына дейін Нұр-Сұлтан қаласында 11 медициналық амбулатория (үй дәрігері) ашылады. Оның ішінде медициналық қызметтің бірнеше түрі көрсетілетін болады. Атап айтқанда, дәрігерлік консультация алу және диагностикадан өту, оңалту және қайта қалпына келтіру көмектері, сондай-ақ стоматолигиялық қызмет түрлері бар. Сол сияқты дәрігерлік амбулаториялар қажетті медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілетін болады», - деді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, аталған басқарма басшысы 1 млн-нан астам елордалықтың МӘМС жарнасын төлеп жатқандығы туралы мәлім етті.

Жоғары қарай