Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биыл Қытайдың қорғанысқа жұмсайтын шығыны 200 млрд доллардан асады

2021 жылдың 5 наурыз 2021 17:32

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытай билігі 2021 жылы ұлттық қорғанысқа жұмсалатын шығынды 6,8%-ға, яғни 1,355 трлн юаньға дейін (шамамен 209 млрд жоллар) арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы биылғы жылға арналған орталық және жергілікті бюджет баяндамасының жобасында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

«Ұлттық қорғанысқа жұмсалатын шығын 1,355 триллион юаньға жетіп, 6,8%-ға өседі», -делінген баяндамада.

Еске сала кетейік, 2020 жылы ҚХР-дың қорғаныс бюджеті 6,6%-ға (1,26 трлн юаньға дейін), ал 2019 жылы 7,5%-ға (1,19 трлн юаньға дейін) ұлғайған болатын.

Бұл ретте 2021 жылы сыртқы саяси қызметке жұмсалатын шығындар 1,9% -ға, яғни 50,414 миллиард юаньға (шамамен 7,76 миллиард доллар) дейін азаяды, ал қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған шығындар 0,7% -ға, яғни 185,092 миллиард юаньға (шамамен 28,5 миллиард доллар) дейін өседі.

Жалпы алғанда, орталық бюджеттің жеке шығындары 3,5 трлн юаньды (шамамен 539 млрд доллар) құрайды, бұл көрсеткіш екінші жыл қатарынан 0,2%-ға төмендеген.

Бұған дейін Бейжіңде 13-ші сайланған Бүкілқытайлық Халық Өкілдері Жиналысының (БХӨЖ, парламент) төртінші сессиясы ашылғаны хабарланған болатын.


Басты сөздер: Қытай, Әлем, Қаржы,
Жоғары қарай