Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биыл Қостанай облысына оңтүстіктен 445 адам көшіп келеді

2021 жылдың 21 қаңтар 2021 05:34

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Биыл Қостанай облысына 445 адам көшіп келеді. Олармен әлеуметтік келісімшарт жасалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына сілтеме жасап.

Тұрғындар тығыз орналасқан аймақтардан жұмыс күші аз өңірлерге азаматтарды көшіру жұмысы биыл да жалғасады.

Осы жылы Қостанай облысына 445 адам қоныс аударамақ. Алайда әзірге олардың нақты қандай аудан-қалаларға баратыны белгісіз.

Себебі көшіп келушілердің квотасы әлі бекітілген жоқ.

Қостанай облысының атқарушы билігі қоныс аударушыларға жан-жақты қолдау көрсетеді. Алдымен, отағасы мен әрбір отбасы мүшесіне 35 АЕК (102 мың теңге) көлемінде субсидия қарастырылған.

Сондай-ақ жыл ішінде ай сайын оларға тұрғын үйді жалға алу және коммуналдық қызметтерді төлеу шығындары өтеледі. Қалаға көшкендер үшін – отбасындағы адам санына байланысты 30 АЕК дейін (87 мың 510 теңге), ауылдарда 21 АЕК дейін (61 мың 257 теңге) беріледі.

Өңірге келген азаматтарға 525,1 мыңнан 1,1 миллион теңгеге дейін біржолғы қаражат беріледі. Бұл қаржыны тұрғын үй сатып алуға пайдалануға құқылы.

Басты шарт – әкімдікпен алдын ала сату-сатып алу шартын жасау.

Көмектің келесі түрі – жұмыс мәселесі. Көшіп келушілерге жергілікті әкімдік тұрақты жұмыс тауып беруге міндетті.

Тілек білдірушілер «Бастау-Бизнес» жобасы шеңберінде қайта даярлау және оқыту курстарынан өте алады, сондай-ақ өз ісін ашуға грант алады.

Субсидия қоныс аударушы әлеуметтік келісімшартқа қол қойғаннан кейін ғана төленеді.

Құжатта оның жұмысқа орналасуы және аймақта 5 жыл тұруы керектігі жазылған. Шарттарды орындамағандар төлемдерді толық көлемде қайтаруы тиіс.

Айта кетерлігі, 2016 жылы Қостанайға басқа облыстардан – 19, 2017 жылы 30 ғана отбасы қоныс аударған.

2018 жылы бұл көрсеткіш 10 есеге ұлғайды. Ал 2020 жылы Қостанай облысы 272 отбасын қабылдады.


Жоғары қарай