Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биыл көктемде Қостанай облысының 95 ауылын су басуы мүмкін

2021 жылдың 3 наурыз 2021 21:38

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Өңірде су тасқыны маусымына дайындық басталды. Қостанай облысының 95 елді мекеніне су басу қаупі төніп тұр. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметіндегі брифинг кезінде Қостанай облыстық ТЖД бастығы, азаматтық қорғаныс полковнигі Біржан Кәрімов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде облыстың 95 елді мекеніне тасқын және еріген қар суы басып кету қаупі төніп тұр. Бұл – 2 мыңнан астам үй мен 8 мыңнан көп адам. Су басу қаупі төніп тұрған 107 автомобиль учаскесі есепке алынды», - деп хабарлады Б.Кәрімов.

Су тасқыны маусымына дайындық аясында облыста 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасы әзірленді, онда 6 іс-шараны іске асыру жоспарланған.

Осылайша, биылдың өзінде екі ГТҒ-ны қайта құру және қалпына келтіру, өзен арналарын тазарту, нөсер кәріздерін салу, айналма және су өткізгіш құбырларды орналастыру бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу көзделген.

Бұған мемлекеттік бюджеттен 17 млн теңгеден астам қаражат жұмсау жоспарланып отыр.

«Төтенше резервке және шұғыл шығындарға арналған резервке әкімдіктер 814 млн.330 мың теңге салды. Су тасқыны жағдайы күрделенген жағдайда департаменттің жалпы саны 173 адам, 60 техника, 19 су көлігі, 78 мотопомпа бар күш-құралдар тобы құрылды»,- деп атап өтті Б. Кәрімов.


Жоғары қарай