Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Биыл Қазақстанға 7,2 мың адам қоныс аударса, 25,3 мыңы көшіп кеткен

2021 жылдың 16 қараша 2021 16:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылғы тоғыз айда Қазақстаннан 25,3 мың адам көшіп кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерге сәйкес, биылғы қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанға тұрақты тұруға 7246 адам көшіп келсе, 25 322 азамат елімізден көшіп кеткен. Көші-қонның айырымы -18076 адамды құрады.

Көші-қон алмасуы негізінен ТМД мемлекеттері ішінде болып жатыр. «ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі 84,2% және 86,0% құрады», - делінген статистикалық мәліметте.

Ал ел ішінде қоныс аударатындар саны былтырғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 0,2% артқан. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 4 өңірінде байқалды: Алматы (22346 адам), Нұр-Сұлтан (21718 адам), Шымкент (9568 адам) қалаларында және Маңғыстау облысында (248 адам).


Жоғары қарай