Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Биыл Қазақстан шет мемлекеттерге 9,4 млн долларға гуманитарлық көмек жіберді

2022 жылдың 13 мамыр 2022 19:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылға қарағанда биылғы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан шетелге көбірек гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Finprom.kz-ке сілтеме жасап.

«Биыл қаңтар-наурыз айларында Қазақстан басқа елдерге 9,4 млн АҚШ доллары сомасына гуманитарлық көмек жіберді. Тек наурыз айында көрсетілген гуманитарлықтың көмектің сомасы 3,6 млн АҚШ долларын құрайды. Ал өткен жылы осы кезеңде Қазақстаннан басқа елге гуманитарлық көмек жіберілмеді. Сонымен қатар, биылғы жылдың бірінші тоқсанында көрсетілген гуманитарлық көмек көлемі 2021 жылмен салыстырғанда $7,5 млн-ға асып түседі», - делінген Finprom.kz таратқан ақпаратта.

Биыл қаңтар-наурыз айында елімізден жіберілген гуманитарлық көмекті ажыратып қарасақ. Дәрі - дәрмек - 4,4 млн долларды құрайды, азық – түлік - $280,8 мың, киім-кешек пен аяқ киім - $94,8 мың АҚШ доллары. Сондай-ақ, машиналар мен жабдықтарға - 15,4 мың доллар және басқа да тауарларға 4,6 млн АҚШ доллары жұмсалды.

Қазақстан атынан ұсынылған гуманитарлық көмектің ең көп көлемі Ауғанстанға жөнелтілді. Яғни 5,7 млн АҚШ долларын құрайды. Осылайша Ауғанстан Қазақстаннан гуманитарлық көмекті тұрақты түрде алушы ел. Одан бөлек, тұрақты гуманитарлық көмекті алушы елдер арасында Тәжікстан да бар. 2022 жылдың бірінші тоқсанында аталған мемлекетке 130,1 мың доллардың көмегі жөнелтілді.

Сондай-ақ, биыл Қазақстан атынан Украина, Польша және Венгрия гуманитарлық көмек алды. Украинадағы жағдайға байланысты жалпы сомасы 306 мың долларға 67,7 мың тонна гуманитарлық көмек жіберілді. Оның ішінде 202,6 мың долларға 41,2 мың тонна азық-түлік, 40,3 мың долларға 6,7 мың тонна киім және аяқ киім. Сол секілді 63,1 мың долларға 19,8 мың тоннаны құрайтын басқа да тауарлар жөнелтілді.

Ал Польшаға 3,1 млн сомасындағы АҚШ долларына 70,7 мың тонна гуманитарлық көмек көрсетілді. Атап айтқанда, $1,5 млн-ға 25,2 мың тонна дәрі-дәрмек, $23 мыңға 8,6 мың тонна азық-түлік, $22,9 мыңға 4,7 мың тонна киім мен аяқ киім және $ 22,2 мың тоннаға 32,2 мың тонна басқа тауарлар жөнелтілді.

Сонымен қатар Польша Украинадан 3,3 миллионға жуық босқын қабылдады. Ал Украинадан келген босқындардың жалпы саны 6 миллионға жуық адамды құрады. Атап айтқанда, Украина азаматтары үшін гуманитарлық көмекпен Алматыдан Польшаның Катовице қаласына жүк жеткізілді.

Қазақстан Венгрияға да 69,5 мың долларды құрайтын 6,7 мың тонна гуманитарлық көмек жіберді. Оның ішінде $47,2 мың азық-түлік тауарларына-3,5 мың тонна, $10,9 мың киім мен аяқ киімге-1,1 мың тонна, $11,4 мың басқа тауарларға-2 мың тонна. Венгрия Украинадан 577,8 мың босқын қабылдады.

Ал біздің ел биыл қаңтар–наурызда $2,2 млн сомаға гуманитарлық көмек алды. Бұл көрсеткіш Қазақстанға көрсетілген көмектің 15,1 есеге артқанын көрсетіп отыр. Дегенмен 2021 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 4,4 есеге аз.

Алынған гуманитарлық көмек көлемінің жартысынан көбі дәрі-дәрмек ($853,2 мың), сондай-ақ киім мен аяқ киім ($484 мың). Сол сияқты машиналар мен жабдықтарға 1,6 мың доллар, басқа тауарларға — 881,9 мың долларды құрайды.

Биыл елімізге гуманитарлық көмектің ең көп көлемі Италиядан ($1,7 млн-ға), одан кейін Қытай ($476,4 мың) және Германиядан ($37,4 мың) бағытталды.


Жоғары қарай