Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Биыл Қарағанды облысында 55 жаңа спорт алаңы салынады

2022 жылдың 5 сәуір 2022 23:16

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында биыл төрт жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің, екі бассейннің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ, билік өкілдері 55 жаңа спорт алаңын орнатуға уәде беріп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облыста 1402 дене шынықтыру және спорт ұйымы жұмыс істейді, онда 456 мың адам шұғылданады. Жалпы білім беретін мектептерде 4 358 секция, колледждерде - 431, ЖОО-да 126 секция жұмыс істейді. Өңірде 3280 спорт нысаны бар, оның 1267-сі ауылдық жерлерде», – деді өңірдегі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Темірхан Абылаев.

Сонымен қатар, аймақта спорт нұсқаушылары жетіспейді, әсіресе ауылда сала мамандары қат. Жергілікті билік бұл мәселені жаттықтырушылардың жалақысын көтеру арқылы шешуге ниетті.

Басқарма басшысының айтуынша, барлық жастағы спорт әуесқойлары үшін енді өңірлік жарыстар көбірек өткізілетін болады. Жылына төрт рет марафон ұйымдастыру жоспарлануда.


Жоғары қарай