Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 35 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Биыл «Қарағанды-Балқаш» және «Балқаш-Бурылбайтал» учаскелері ашылады

2020 жылдың 9 сәуір 2020 19:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл «Қарағанды-Балқаш» және «Балқаш-Бурылбайтал» учаскелері көлік қозғалысы үшін ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Индустрия және және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Қарағанды облысында ұзындығы 575 шақырымды құрайтын республикалық маңызға ие М-36 «РФ шекарасы (Екатеринбург)-Алматы» жолы 2021 жылы пайдалануға берілетін болады. Бүгінгі таңда жолдың екі учаскесінде қозғалыс ашық.

Қазіргі таңда «СП «СинеМидасСтрой» ЖШС, «Даулет-Дорстрой» ЖШС, «СП ҚазГерСтрой» ЖШС, CITICConstructionCo.Ltd, SinohydroCorporationLimited, JVKolinInsaatTurizmSanayiveTicaretA.S., Shanghai Construction Group Co. Ltd. компаниялары құрылыс жұмыстарын бастады. Жұмыстардың сапасын «ҚұрылысСапасы» ЖШС, «ЖолЖобаKZ» ЖШС, «АРСнабиК» ЖШС, «СтройСервисГарант» ЖШС, IsanCorporation ЖШС «ZSENGINEERING» және «Zertec» ЖШС сиқты техникалық бақылау қызметтері жүзеге асырады.

«Қайта жаңарту жобасы аясында 15 көпір, 17 жол айрығы, 40 жол өткелі, 470 су өткізгіш құбыр, демалыс алаңдары мен елді мекендердің маңында орналасатын автопавильондар салынбақ. Қазіргі уақытта 23 млн текше метр жер қазу жұмыстары жүзеге асырылды. Су өткізгіш құбырлардың 60 пайызы орнатылған. Сонымен қатар, 63 шақырымда жол жабынының жоғарғы қабаты, 70 шақырымда жолдың төменгі қабаты және 75 шақырымда жолдың қиыршық тас қабаты төселді. Жоспар бойынша, қайта жаңарту жұмыстарына 2596 жол-құрылыс техникасы мен 4500 маман жұмылдырылады», - деп атап өтеді министрліктен.



Жоғары қарай