Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биыл қандай республикалық маңыздағы жолдар пайдалануға беріледі

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 11:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет басшысы Асқар Маминнің айтуынша, республикалық маңызы бар 2 600 шақырым жолдың құрылысы аяқталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Талдықорған-Өскемен (763 шақырым), Қарағанды-Балқаш-Қапшағай (645 шақырымы), Қалбатау-Майқапшағай (415 шақырымы), Ақтөбе-Атырау-Астрахань (279 шақырымы), Мерке-Бурылбайтал (266 шақырымы), Көкшетау-Петропавл (67 кшақырымы), Үшарал-Достық (60 шақырымы), Қостанай-Денисовка (60 шақырымы), Ұзынағаш-Отар (56 шақымы) жолдарының бөліктері пайдалануға беріледі», - деді Асқар Мамин Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Сонымен бірге, еліміздегі 5,7 мың шақырым жолға ақылы тәртіп енгізілмек.

«Жергілікті жолды дамытуға ерекше назар аударылады. Жалпы, жергілікті жолдардың 4 мың шақырымы жөндеу жұмыстарымен қамтылады. Бұл қалалар мен ауылдардағы өмір сапасын арттыруға септігін тигізеді», - деді ол.


Жоғары қарай